Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің жұмысына қатысуда. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.
Отырыс барысында ЕАЭО кеңістігінде дәрі-дәрмек айналысы саласын реттейтін құжатқа қол қою жоспарлануда. Аталған құжаттың қабылдануы дәрі-дәрмек нарығындағы жалпы айналымды тиімді ретке келтіріп, жұмыспен қамтуға, контрафактілік өніммен күресуге, дәрі-дәрмектердің сапасын арттыруға және олардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары отырысының негізгі күн тәртібі – Кедендік кодекс жобасын қабылдау мәселесін талқылау. Ол ұқсас халықаралық құжаттарды есепке ала отырып әзірленген.
Израиль мемлекеті ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.
Еске сала кетейік, биылғы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-қа төрағалық етуімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын нығайту жылы ретінде жариялаған. Келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға табысталады.