$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстандағы қаңтардағы тәртіпсіздікке Ұлыбританияның қатысы болуы мүмкін» – Ресей өкілі

Мұны растайтын дәлелдер бар.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қасіретті қаңтар оқиғасын тергеу әлі де жалғасып жатыр. Араға бір ай салса да, әлі де тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр, orda.kz .

Fondsk.ru порталының хабарлауынша, Еуропарламент Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді тергеуге батыс сарапшыларын тартуға ниет білдірген. Алайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көмектен бас тартқан.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлаған. Әзірге ешқандай ақпарат жария етілмеді.

«Тергеу, біріншіден, жабық. Екіншіден, мысалы, ұсталғандардың барлығына дәлелдемелік база жасауға жеткілікті уақыт өткен жоқ» деп жауап берді Сыздықов Валдай конференциясында.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл халықаралық террористер мен бандиттердің мұқият дайындалған операциясы» екенін бірнеше рет еске салған.

Осы орайда, бүлікке Ауғанстаннан келген Талибан қозғалысы қатысты деген болжам пайда болған.

Бірақ Ресейдің Сыртқы істер министрі бұл болжамды жоққа шығарды. Олар бүлікке шетелдің қатысы бар болғанымен, ол талибандар емес екендігін алға тартты. Ресей СІМ Азияның екінші департаментінің директоры, РФ Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов «бұл іске британдықтардың қатысы бар» екеніне сенім білдірді.

«Бұл ауған проблемасының нәтижесі емесі айдан анық. Бірақ күте тұрайық, Қазақстан билігі тергеу жүргізіп жатыр, бұл тергеудің қорытындысын, ресми органдардан шыққан нәтижелердің жариялануын күтуіміз қажет, олар барынша толық болады деп сенемін. Егер бұған ауған содырлары қатысты деп жарияланатын болса, сол кезде талқылаймыз. Тағы бір айтар мәселе, бұл жерде сырттың ықпалы айқын байқалады. Дегенмен, бұл ауғандық емес, британдық ықпал сияқты. Мұны растайтын дәлелдер бар», - дейді Замир Кабулов.

Айта кетсек, Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді тергеуге ҰҚШҰ-да құрылған арнайы жұмыс тобы көмектеседі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары