$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шешімін қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын айтты. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне шынайы құрметін білдіре отырып, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстан басшысының саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі осы мемлекеттің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары