Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина астанасы Киевті басып алу үшін Шешенстаннан келген арнайы батальонды басқарады, деп хабарлайды orda.kz.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, РФ қарулы күштерінің жоспарына сәйкес, егер мүмкін болса, Киевті басып алуға Рамзан Қадыров басқарған Шешенстаннанның арнайы батальоны шығады.
Еске салсақ, қазір Украина астанасының халқы үрей мен қорқыныш құшағында. Өткен түні Ресейдің зымырандары ел астанасына шабуыл жасады, ал өзге қалалардың тұрғындары техникалардың жедел түрде Киев бағытына беттегенін айтуда.
Қазіргі уақытта нақты ақпарат беретін орталық жоқ. Бүгін таңертең видеоүндеу жасаған Зеленский де Киевке шабуыл жасалу ықтималдылығының жоғары екенін, өзінің «нөмірі бірінші жау» екенін айтқан.
Ал телеграм-арналар сәт сайын «Киевте түсірілген» деген жазумен жарылыстардың, автомат дауысының видеоларын жүктеуде. Қазір Украина мен Ресей арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Қос тарап та тұтқындарды қолға түсіріп, олардың видеосын жүктеуде.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.