$ 494.87  520.65  4.91

Әлия Назарбаеваның компаниясы 20 млрд теңгені заңсыз аударғаны белгілі болды

Қазіргі таңда «Оператор РОП» ісі бойынша бірнеше жауапты адам қамауға алынған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бес жылдан бері еліміздегі утильалыммен айналысып келген «Оператор РОП» мекемесіне тексеріс жүргізіп жатқан құқық қорғау органдары мамандары алғашқы мәлімдемесін жариялады. Олардың айтуынша, Назарбаеваның қарамағындағы компания Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа, дәлірек айтқанда «Recycling Company» ЖШС-не 20 млрд теңгені заңсыз аударған.

Қазіргі таңда «Оператор РОП» ісі бойынша бірнеше жауапты адам қамауға алынған. Олардың бірі – украиндық Светлана Коротенко. Коротенко 2016-2019 жылдар аралығына «Оператор РОП» ЖШС-ын басқарған.

Айта кетсек, Светлана оған дейін шығармашылықпен айналысқан. Ол Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінде продюсер болған. Ал фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары