$ 444.14  477.05  4.85

«Бәріне көмектестік» Лукашенко ЕАЭО елдерін бірігуге шақырды (ВИДЕО)

Қазақтарға көмектестік. Бәріне көмектестік. Кейбіреулерге нарықты ашып бердік, кімдерге екенін айтпай-ақ қояйын, ренжіп қалады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко РФ президенті Владимир Путинге ҰҚШҰ мен ЕАЭО-тың экономикалық нарығын біріктіруді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен сізге ұсыныс айтқым келеді… Тыңдаңызшы, біз – одақтастар әрдайым бір-бірімізге көмектесіп келдік. Қазақтарға көмектестік. Бәріне көмектестік. Кейбіреулерге нарықты ашып бердік, кімдерге екенін айтпай-ақ қояйын, ренжіп қалады. Бізге ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде кездесіп, бірігуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек. Сонда біз бір айдан соң санкцияны ұмытып кетеміз. Ұсыныс айтуға құқым бар ғой, мені қолдайсыз деп ойлаймын. Мәскеуде бір үстелдің басында кездесуіміз керек. «Біз саған мынаны сатамыз, сен мағаны мынаны сат» деп, өзіміздің экономикалық саясатымызды жүргізе береміз», – деді Беларусь көшбасшысы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары