$ 446.49  475.38  4.79

Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі Түркияда өтеді

Ол 28-30 наурызда өтеді.

Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келісті. Ол 28-30 наурызда өтеді. Бұл туралы делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.

"Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық", - деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.

Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.

14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары