$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында ауылдардың бірін су алып кетті (ВИДЕО)

Ауыл тұрғындары түн ішінде үйлерін тастап, қауіпсіз орынға кетуге мәжбүр болған

Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылын су басып қалған. Ауыл тұрғындары түн ішінде үйлерін тастап, қауіпсіз орынға кетуге мәжбүр болған. Қазір оларды колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.

«Адамдарды эвакуациялау және қорғаныс бөгеттерін салу үшін екі жүз қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында еріктілер мен полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ онға жуық арнайы техника жұмылдырылған», – делінген жергілікті ATPress ұсынған мәліметте.

Ауыл тұрғындары ақпан айынан бері осымен өзен арнасынан үшінші рет тасығанын айтады. Ал жергілікті билік жағдайдың бақылауда екенін айтып отыр.

Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті су басу қауіпі төнген үйлер маңында құмнан бөгет салынғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары