$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір қазақ байының БАӘ, Ресей, Латвия, Чехиядағы дүние-мүлкіне санкция салынды

Одан 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуро тәркіленген.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.

«Forbes журналының тұжырымы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне кіретін Нұрлан Тілеубаевтың 2012-2017 жылдар аралығында банк ақшасын қайтарылмайтын несие беру жолымен жымқырғаны анықталды», – дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының мүлкіне бұғат қойылды. Мүлік құны 48 млрд теңгеден асады және олар 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік, 40 автокөліктен тұрады.

Бұған қоса БАӘ, Ресей, Латвия, Чехиядағы активтері бұғатталды, – делінген ақпаратта.

Қылмыстан келген залал 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуроны құрады.

«Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды. Іс бойынша айыпталушылар қамауға алынды», – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары