$ 494.87  520.65  4.91

Кеше ғана Мәжіліс депутаты болып тағайындалған Авершиннің «сепаратист» болып шыққаны рас па?

Неге бізде күмәнді ұйым құрып алған қайдағы біреулер мен сепаратистер депутат болып шыға келеді осы? Бұларды кім депутат қылып жүр?

Жақында ғана Мәжіліс депутаты атанған Константин Авершинге қатысты әлеуметтік желілерде алып-қашпа әңгімелер айтылып жатыр. Желі қолданушыларының біразы оны Путиннің саясатын жақтаушы сепаратист екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Солардың бірі белгілі журналист Жолымбек Мәкіш.

«Кеше ғана депутат болған Константин Авершиннің өмірбаянын шолып шығып, мынандай қызыққа тап болдық. Ол өзі «Зарница» сияқты неше түрлі жартылай әскери ұйымдар құруға әуес екен. Мәселе онда да емес. Мәселе – сол құрған «Честь имею» деп аталатын ұйымды «Орыс әлемі» десе өлетін, Украина десе көзі қанталап кететін Ольга Аксенкина деген біреу басқаратынында болып тұр. «Ресейді тоқтата алмайсыңдар. Бандеровшілердің түбі көзін жоямыз» деп жазып қойыпты Аксенкина өз парағына. Бұл әйел онымен қоймай балаларға патриоттық тәрбие беретін жартылай әскери ұйымға басшылық етеді екен. Міне, мәселе қайда жатыр! Ал бұл ұйымның құрылтайшысы - Авериннің өзі болып шықты. Аверин депутат қана емес, қорғаныс, халықаралық істер мен қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі екен тағы. Неге бізде күмәнді ұйым құрып алған қайдағы біреулер мен сепаратистер депутат болып шыға келеді осы? Бұларды кім депутат қылып жүр?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Алайда Константин Авершин өзіне тағылған бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, ол Қазақстан республикасының патриоты. Әрі анау Ольга Аксенкинамен де еш байланысы жоқ екенін айтқан.

Өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында ол бұл айыптардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтып ақталды.

«Қазір кейбір қоғамдық және әлеуметтік желілерде мен туралы жалған және расталмаған ақпарат таратылуда.  Мен, шынымен, 62156 әскери бөлімінде қызмет еттім, ол туралы ашық айтамын әрі жасырмаймын. Тәуелсіз Қазақстанға әскери ант бердім және антыма адалмын. Желіде тарап жатқан фотолар 2015 жылы Алматыдағы сел кезінде түсірілген. Ол кезде бізге көмектесуге көптеген ұйымдар мен қарапайым адамдар келген еді. Олардың арасында Ольга Аксенкина болды. Менің ол тұста саяси сауатым қазіргідей емес еді, сондықтан кімнің кім екенін байқамадым. Біз адамдарды ұлтына қарай сұрыптай бермейміз. Адамды адамгершілік қасиетіне қарай бағалаймыз және өз еліміздің патриоты екенімізді өз ісімізбен бір емес, бірнеше рет дәлелдегенбіз», деп жазған Авершин.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары