$ 444.32  473.33  4.76

Ашкөздік пе, әлде нигилизм бе: Рахымбаев неге көзі түскен жерге үй сала береді

«BI-кет!», «Біз саябақты қалаймыз!» және «Дем алатын жер жоқ!»

Алматының 100-ге тарта тұрғыны BI Group инвестициялық-құрылыс холдингінің кезекті тұрғын үй құрылысына қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мечта», «Бұқар Жырау Тауэрс», «Тенгиз Тауэрс», «Престиж» және «Звезда Востока» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары нулы орынның қырқылуына қарсы наразылықты бірінші рет білдіріп отырған жоқ. Қала тұрғындары «BI-кет!», «Біз саябақты қалаймыз!» және «Дем алатын жер жоқ!» деп ұрандады.

Қала билігінің айтуынша, құрылыс жоспарланған жер бір кездері банк есебінде болған. Банк оны кейін BI Group корпорациясына сатқан.

3 сәуірде Нұр-Сұлтанда 22 қабатты iconic Tower кешенінің құрылысына қарсы шыққан «Ақбұлақ» шағын ауданының тұрғындары BI Group басшысы, олигарх Айдын Рахимбаевтың үйіне дейін барып, наразылық білдірген еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары