$ 494.87  520.65  4.91

«Елбасының тарихи рөлі Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді» – Ерлан Қарин

Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі.

Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөлі туралы мәртебе беретін норманы Конституциядан алып тастау жөнінде өтінім жолданды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің telegram каналында жазды.

«Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары