ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майормен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды "БОРТ №1" Telegram каналы.
Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр.
ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.
ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар.
Мәдени нысандар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;
Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.
Табиғи нысандар:
Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.
1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.