$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде жыл басынан бері 92 баланы көлік қағып кеткен

Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады.

Елімізде әрбір бесінші жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған бала зардап шегеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады. Бұл - мемлекет үшін орны толмас шығын және қоғамның демографиялық резервіне нұқсан келтіреді. Өткен жылдан бастап мектеп оқушыларына жолда қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру сабақтары өткізілген жоқ. Осылайша балалардың жолда жарақаттануына қарсы шаралар саны азайды. Бұл қазірдің өзінде жалпы жағдайға кері әсер етіп отыр», - деді Жандос Мұратәлиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шегетін балалардың дені көлік ішінде болады. «Көп жағдайда ересектер көлікте тасымалдау ережесін сақтамай, яғни балаларды арнайы құралсыз немесе белбеумен бекітпей тасымалдайды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жол белгісі жоқ жерден кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кетеді. Кейде жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өтіп жатады. Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алған», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары