$ 494.87  520.65  4.91

«Кен орындарын пайдалануға қатысты 118 лицензия тоқтатылды»: Өскенбаев Тоқаевқа есеп берді

Министрлік еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және кеден логистикасы саласына ірі халықаралық компанияларды тарту үшін ауқымды жұмыстар жүргізді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды. Министрлік соңғы 3 жылда пайдалануға берілген тұрғын үйлерге тексеріс жүргізіп, статистикалық деректерді анықтады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, құрылыс нарығын монополиядан арылту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ баспанасы жоқ, жағдайы нашар азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша 2,5 мың өтінім мақұлданды.

Министрдің айтуынша, өнеркәсіп саласында импорт алмастыруға бағытталған 700 маңызды инвестициялық жоба даярланған. Арнаулы экономикалық аймақтар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде шешімдер қабылданған. Пайдалы қазбалар кен орындарының бәріне тексеріс жүргізілген. Қазіргі уақытта 118 лицензияның қызметі тоқтатылған. 57 келісімшарт үзілген. Жер қойнауын пайдаланушыларға олқылықтарды жою үшін 73 ескертпе жолданған. Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындармен бірлесіп, орта және жоғарғы шектеулі өңдеуші өнімдер өндірісін өркендету үшін кешенді шаралар әзірленген.

Сонымен қатар министрлік еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және кеден логистикасы саласына ірі халықаралық компанияларды тарту үшін ауқымды жұмыстар жүргізді.

Қайырбек Өскенбаев республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту, жөндеу және салу жұмыстарына да арнайы тоқталды. Президент еліміздің күре жолдары құрылысына қатысты мәселенің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, оның айрықша бақылауда болатынын еске салды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет екеніне назар аударып, министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары