$ 494.87  520.65  4.91

Біртанов: «Не үшін айыпталып отырғанымды судьяның өзі түсіндіре алмай отыр»

Елжан Біртанов қылмыс оқиғасы – 2018 жылы жұмыс істемейтін платформаны қабылдау екенін жазады. Бірақ іс материалдарына қарағанда, платформаны жасаушы (Эриксон компаниясы) оны жоққа шығарыпты.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желіде өзіне қандай айып тағылып отырғанын түсінбейтінін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

    «Достар, өткен бейсенбі күнгі сот отырысында прокурорлар айыптау қорытындысын жариялағаннан кейін көпшіліктің көкейінде бір сұрақ қалды. Менен «не үшін айыптап отыр, түсінбедік?» деп менен сұрайды. Мен де түк түсінбедім», - деп жазады ол.

Елжан Біртанов қылмыс оқиғасы – 2018 жылы жұмыс істемейтін платформаны қабылдау екенін жазады. Бірақ іс материалдарына қарағанда, платформаны жасаушы (Эриксон компаниясы) оны жоққа шығарады. Яғни, платформаның қолдануға жарамды екенін айтады. Ал сот сараптамасы айыпты растамаған.

    «Қылмыстық әрекет – қызметтік өкілетті асыра пайдалану. Дегенмен іс материалдарында бұған дәлел жоқ. Оның үстіне, платформаны қабылдау және төлеу менің құзыретіме кірмеген. Қылмыстың мотиві – мемлекеттік қызметшінің тиімді имиджін қалыптастыру. Негізі бұл мемлекеттік қызметшінің міндетіне кіруі тиіс нәрсе ғой. Оған қоса, тағылған айыпқа ешқандай дәлел жоқ. Ең бастысы – істе менің қандай да бір материалдық пайда немесе артықшылық көргенімді дәлелдейтін ешқандай дәлел жоқ. Мемлекетке 4 миллион доллардан астам қаражат көлемінде зиян келтіру (жұмыс істемейтін платформаны қабылдау). Айыптау қорытындысында биылғы тамызда платформаны іске қосу жоспарланғаны айтылған. Яғни, ешқандай залал келмеген», - дейді ол.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің де, Қаржылық мониторинг агенттігінің де платформаны әзірлеушіге ешқандай шағымы жоқ екені анықталғанын хабарлайды.

    «Жәбірленушілер мен айыптаушылар, компания платформаны қайта жасап шықты ма, әлде жоқ па? Осыларды көре отырып, айыптың мәнін қалай түсінесің? Мен судья Ибрагим Әлкеновтен мұны түсіндіруді сұраған едім, ол да жауап бере алмады. Ол істі қарауға қабылдағанымен, өзі де айыпты түсінбейтін секілді», - деп жазады экс-министр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары