Шымкентте серіктестік басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған деп хабарлады turkystan.kz.
Басылымның ақпартынша, директор жарымжан бүлдіршіндер үшін ойын алаңын салу кезінде 3 миллион теңгені иемденіп кеткен. Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын болған.
Тергеу барысында оның атқарылған жұмыстарды жалған құжаттармен рәсімдегені анықталып отыр.
Бұл істі қаржы мониторингі агенттігі, Шымкент қалалық департаменті әшкереледі.