14.07.2022, 23:02

«2 млн теңгеден асады»: Даниал Ахметов басқа әкімдерден жоғары айлық алатынын айтып мақтанды

Фото: ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргеніме 33 жыл болды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің жалақысы басқа әріптестеріне қарағанда әлдеқайда көп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ШҚО әкімінен қанша жалақы алатынын сұрады.

"Әкімдердің базалық жалақысы бірдей. Менің жұмыс өтілім – 48 жыл. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргеніме 33 жыл болды. Көптеген әріптесімнен айырмашылығым, жеткілікті өндірістік базамен келдім. Сондықтан менің жалақым 2 млн теңгеден асады", – деді Ахметов.