$ 494.87  520.65  4.91

Тайвань Қытайға жауап берді: «Біз еш уақытта қысымға бой алдырмаймыз»

Тайвань басшысы Су Чжэньчан Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін соғыс қимылдарын қолданғанын айтады.

Тайвань басшысы Су Чжэньчан Қытайдың арал маңындағы жаттығулары аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзу мақсатында жасалған әрекет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bloomberg басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Саясаткер өз үндеуінде Бейжіңді бұл әрекеттерін көрсетуді тоқтатуға шақырды. Өз сөзінде ол бағынбайтынын жеткізді.

"Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін соғыс қимылдарын қолданды. Біз ешқашан қысымға бой алдырмаймыз. Біз бостандық пен демократияны қолдаймыз әрі тайваньдықтар есігімізде Қытайдың күш пен қару-жарақ қолдана отырып жүргізіп жатқан қорқынышты әрекеттерін қолдамайды деп сенеміз", - деді Су Чжэнчан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары