21.09.2022, 12:20

«Судья мен прокурор заң нормаларын білмей ме?»: Белгілі заңгер Қайрат Сатыбалдының сотында түсініксіз жайттар болып жатқанын мәлімдеді

Сатыбалдыға қатысты сот процесі миллиардтаған қаржыны ұрлау фактісі бойынша басталған. Ол ауыр санаттағы істер қатарына жатады. Сондықтан оған медиативті келісім жасалмау керек.

Белгілі Заңгер Абзал Құспан Қайрат Сатыбалдының сотына қатысыт түсініксіз жайтқанын болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, аталмыш істе медиативті келісім туралы мәселе болмауы керек. Яғни Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ауыр санаттағы қылмыс. 

«Азаттық радиосы бүгін Қайрат Сатыбалдының қатысуымен бейнебаяннан үзінді жариялады. Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, Сатыбалдыға қатысты сот процесі миллиардтаған қаржыны ұрлау фактісі бойынша басталған. Жәбірленуші тараптың бірі – “Казахтелеком” АҚ-ы 12,7 млрд теңге шығын қайтарылғаны себепті, медиативтік келісім жасау туралы өтініш берген. Сот прокурордың пікірін сұраған, ол уақыт сұраған, соған байланысты үзіліс жарияланған. Түк түсінсем бұйырмасын! Егер сайт ақпаратына сенсек, Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ҚР ҚК-ның 189 б., 4 бөлігімен тағылған. Ол ауыр санаттағы істер қатарына жатады. Ал медиативті келісім тек қана онша ауыр емес және орташа санаттағы істер бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл 2+2=4 сияқты, қарапайым нәрсе. Қазақтелекомды түсінуге болар, бірақ астаналық судья мен прокурорға не жорық?!

Сонда олар қарапайым процестік заң нормаларын білмей ме? Әлде, “жыланды үш кессеңде, шегірткелік әлі бар”деп, әсіресақтық жасаған түрлері ме?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.    

Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды.  Айыпталушы сотқа онлайн режимде қатысып отыр.

Отырыстың басында айыпталушы Сатыбалдының адвокаты видео және аудио жазбаны жүргізуге қарсылық білдірген еді. Осыған байланысты судья айыпталушылардың өтінішін қанағаттандырып, видео мен аудио жасауға тыйым салды.