$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ-қатар қатынастарын әрі қарай дамытуға дайынбыз» - Тоқаев

Біз Қатар мемлекетінің елімізді көркейтуге қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауын ешқашан ұмытпаймыз.

Қатар мемлекетінің елімізді көркейтуге қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауын ешқашан ұмытпаймыз. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнимен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бұл – ерекше мерейлі белес. Осы мерзім ішінде біз тығыз ынтымақтастық орнаттық, сындарлы саяси диалог құрдық. Осының бәрі дәстүрлі достық пен берік әріптестікке негізделген», - деді келіссөзді ашқан Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Астанадағы әл-Фараби мешіті мен шейх Тәмим атындағы білім ордасы осының айқын көрінісі екендігін баса айтты.

«Сондай-ақ, жуырда Алматы облысының Өтеген батыр кентінде перинаталды аурухананың құрылысы басталды. Біз Қатар мемлекетінің елімізді көркейтуге қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауын ешқашан ұмытпаймыз. Шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Болашақта да қазақ-қатар қатынастарын әрі қарай дамытуға дайынбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары