$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Қосымша газ ресурстарын тарту қажет болған жағдайда көрші елдерден, оның ішінде Ресей мен Түрікменстаннан газ импорты мәселесі пысықталады.
Фото: vse42.ru
Фото: vse42.ru

Қазақстанда бір жылдан кейін газ тапшылығы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LS-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін отандық көгілдір отынның жетіспеушілігі 2024 жылдан орын алуы мүмкін. Оған себеп мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы және өнеркәсіптік кәсіпорындардың перспективалы жобаларын іске қосу және соның салдарынан тұтынуды ұлғайту болмақ.

"Қосымша газ ресурстарын тарту қажет болған жағдайда көрші елдерден, оның ішінде Ресей мен Түрікменстаннан газ импорты мәселесі пысықталады", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінде.

Сондай-ақ, министрлікте ағымдағы тұтыну деңгейінде тауарлық газдың қолда бар ресурстары халықтың қажеттіліктерін 2030 жылға дейін жабуға қабілетті екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов LS тілшісімен сұхбатында Қазақстанның барлық жобаларына көгілдір отынның ағымдағы көлемі жеткіліксіз болатынын атап өткен болатын.

Оның айтуынша, егер 2022 жылы елде газ тұтыну 21 млрд текше метрді құраса, 2030 жылға қарай көрсеткіш 41 млрд текше метрге дейін өсуі мүмкін. Оның ішінде сату бағасын көтеру есебінен. Бұл ретте газ саласын реформалау үшін 3 трлн теңгеге дейін қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары