$ 489.06  536.21  5.05

Қазақстан шетелден 345 млн еуродан астам қарыз алатын болды

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион еуро қарызды 11,5 жыл өтеу мерзімімен алмақ.

Сенат депутаттары Қазақстанның Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) 345,7 миллион еуро қарыз алуына қарсы емес, деп хабарлайды Orda.kz.

Несие Қазақстанға 11,5 жыл өтеу мерзімімен, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі несие сомасының 0,25% құрайды, брондалған комиссия игерілмеген несие сомасы үшін 0,25% болады. Тартылған кредитке қызмет көрсету және өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

– Несие толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Қарыз қаражаты қабылданған бюджет шығыстарын, оның ішінде әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға бағытталған шығыстарды қолдауға мүмкіндік береді, – деді премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенат отырысында.

Қаражат бір транш ретінде несиелік келісім күшіне енгеннен кейін игерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шетел #қарыз