06.12.2022, 14:40

«Еті өліп кеткен депутаттар орнын босатуы керек» – Мәжіліс депутаты

Фото: Baq.kz
Биліктің айтқанын істей береді. Солар не айтады соны жасайды. Сондайлардан арылуымыз керек.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев өзінің мәжілістегі кейбір әріптестері орнын босатуы керек деп есептейді.

Бұл туралы Мұсабаев журналист Мақсат Толықбайдың «Біздің мақсат» атты авторлық бағдарламасында айтты.

"2-3 шақырылым бойынша отырған, әбден еті өліп кеткен депутаттар бар. Менің өзім 2 жыл отырдым. Менің де етім өліп кету мүмкін. Босатуымыз керек. Мойындаймын. Еті өліп кеткендер, әбден осыған үйренген. Биліктің айтқанын істей береді. Солар не айтады соны жасайды. Сондайлардан арылуымыз керек", – деді депутат.

Самат Мұсабаев – парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. 2021 жылдан бері VII шақырылымның мәжіліс депутаты.

Orda.kz

Тегтер: депутат