Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің әскери-өнеркәсіптік комиссиясында өзінің бірінші орынбасарының жаңа лауазымын енгізді. Ол орынға РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев лайық деп танылған. Тиісті қаулы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Комиссия құрамына Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков та қосылды.
Ел президенті бірден комиссия алқасының құрамына 10 адамды енгізіп, одан тағы 14 қатысушыны шығарды.
Айта кетейік, әскери-өнеркәсіптік комиссия 1999 жылы құрылған.