$ 498.34  519.72  4.85

СІМ: Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысқаны туралы ақпарат жоқ

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін қазақпын деп таныстырған азаматты украиналық әскерилердің ұстап алғаны түсірілген видео пайда болған еді.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Украинадағы қарулы қақтығыстарға қатысқаны туралы құзырлы органдардан ешқандай ақпарат алған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Украинаның құзырлы органдарынан Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны немесе ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат алған жоқпыз. Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді министрлік өкілі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін қазақпын деп таныстырған азаматты украиналық әскерилердің ұстап алғаны түсірілген видео пайда болған еді. Бұл ретте видеодағы тұтқынның қазақстандық екеніне ешқандай дәлел көрсетілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары