$ 480.55  533.75  5.36

Универсиадаға орай Алматының сауда орындары жаппай жабылады

Алматыда санаулы күндерден кейін алауы жағылатын XXVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатты шарасы өтетін күні қаладағы 9 сауда орталығы жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны күндері санитарлық күндер өткізуге байланысты қаладағы тоғыз сауда орталығы жабылады", - делінген аталған хабарламада.

Жабылатын гипермаркеттер тізімі:

- "Магнум" (Ақбұлақ 273)
- "Алтын Орда" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1)
- "Барлық" базары (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1)
- "Құрдас-7" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7)
- "Жібек жолы" базары (Райымбек даңғылы 517/6)
- "Жұлдыз" базары (Розыбакиева 33/1)
- "Барыс 4" базары (Райымбек даңғылы 212д/1)
- "Кар Сити" СҮ
- "Арзан" гипермаркеті (Райымбек даңғылы 507а)

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда барлығы 46 сауда орталығы бар екен. Оның ішінде төртеуі мамандандырылған, 16-сы әмбебап базарлар және 26-сы саудаға негізделмеген орталықтар.

Сондай-ақ, аталған базарларда барлығы 20 мыңнан астам кәсіпкер және 25 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде.

Айта кетейік, Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары қаңтардың 29-на басталып, ақпанның 8-не аяқталады. Спортшылар 12 спорт түрінен сынға түспек. Қазақстандық студенттер тек 7 спорт түрінен бақтарын сынайтын болады. Жарыстар Алматыдағы 8 спорттық нысанда ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары