$ 479.23  534.96  5.16

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі Астанадағы үлкен экраннан көрсетіледі

2017 жылғы 19 наурызда Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың арасындағы жекпе-жек «Казмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетіледі.

Көрсетілім Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Ұлттық Олимпиада комитеті мен Спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының көмегімен жүзеге асырылмақ.

Астана тұрғындары мен қонақтары орта салмақтағы WBC, IBF, WBA (Super) және IBO титулдарының иегері Геннадий «GGG» Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы американдық боксшы Дэниел Джейкобстың (33-1, 29 КО) арасындағы кездесуді үлкен экраннан HD форматында тамашалай алады.

Жекпе-жек 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 8:00 көрсетіледі. Трансляция демеушісі – «Қазақстан» РТРК. Шараны ұйымдастырудың демеушісі – Қазақстанның бокс федерациясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары