$ 474.72  515.17  5.58

Головкин Джекобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 млн доллар гонорар алады

Көптен күткен Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне небәрі бір тәуліктен аз уақыт қалды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы америкалық қарсыласымен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алатыны белгілі болып отыр.

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі.

Сондай-ақ, кеше боксшылар айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңертең өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» мен «KazSport» арналары тікелей эфирден көрсететін болады.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары