$ 479.38  531.63  5.27

48 жастағы Қазақстан тумасы кәсіпқой рингке қайта оралмақшы

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы 48 жастағы ресейлік Олег Маскаев осы көктемде шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Кезінде атағы әлемге танылған боксшының 1969 жылы Қазақстанның Абай қаласында туғанын айта кету керек.

«Әзірге спортпен қош айтысу жоспарымда жоқ. Мен бабымдамын, үнемі залда жаттығу жасап жүрмін. Егер промоутермен ортақ тіл таба алсам осы көктемде кездесу өткіземін», — деді ардагер боксшы. Ол биыл 2 наурызда 48 жасқа толған болатын.

Айта кетейік, 2006-2008 жылдар аралығында Маскаев Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBC) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иемденді. Ол өз заманында Майк Тайсон, Хасим Рахман сынды мықтыларды жеңген. Бокстағы соңғы жекпе-жегін 2013 жылы британдық Дэнни Уильямсқа қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңіске жеткен болатын. Мұнан кейін ол ұзақ уақытқа демалысқа кетті.

Жалпы, Олег Маскаев кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 46 жекпе-жек өткізіп, оның 39-да жеңген (28 нокаут) және жетеуінде жеңілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары