$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан футболшылары мінген ұшақтан ақау шығып, Ереван әуежайына қонды

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары мінген ұшақтан ақау шығып, мәжбүрлі түрде Ереван әуежайына қонды. Команданың медиа-офицері Ербол Қайыровтың айтуынша, әуе лайнерінің шассиі дұрыс жұмыс істемеген.

"Қазақстан құрамасының ұшағы Ереван әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды. Себеп – шассиден шыққан ақау. Әуе кемесінің командирі жарты жолдан кері қайтуды ұйғарды. Чартерлі ұшақ алмастырылғаннан кейін кері Қазақстанға ұшамыз", – делінген Ербол Қайыровтың Твиттер-парақшасында.

Естеріңізге салайық, кеше Ереванда Армения ұлттық құрамасмен кездескен қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Аталған матч 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында өткен болатын. Келесі кездесуін Қазақстан өз алаңында Дания құрамасымен өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары