Қазақ файтері 18 жекпе-жектің бәрінде мезгілінен бұрын жеңіске жетіп келеді.
UFC лигасында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) биыл әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге лайық екенін мәлімдеді. Ол қазір әлемдің рейтингте үшінші орында тұрса, чемпиондық титул Белал Мұхаммедке (24-3) тиесілі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шавкат болса Белалдың ойланатын жайы жоқ деген пікірде. Өйткені, Камару Усман соңғы үш жекпе-жегінде жеңіліп қалған. Ал, қазақ файтері 18 жекпе-жектің бәрінде мезгілінен бұрын жеңіске жетіп келеді.
«18-0 рекорды және мезгілінен бұрын 100% жеңіс пе, әлде соңғы үш жекпе-жектегі жеңіліс пе? Менің ойымша, титул үшін келесі кім төбелеседі деген сұрақ туындамауы керек», - деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісінде.