$ 478.93  534.96  5.16

FIFA рейтингі жаңарды. Ұлттық құрама қай орында?

Келесі ойынын қазан айында Австрияға қарсы өткізеді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасының көрсеткіші өзгеріссіз қалған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеп. 

Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама қыркүйек айында екі ойын өткізді. Ұлттар лигасында 6 қыркүйек күні Алматыда Норвегия құрамасымен тең ойнады. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді. 

9 қыркүйек күні Словенияда қонақта болып, 3:0 есебімен есе жіберді. Бұл ойында үш голды да Беньямин Шешко соқты. 

Жаңарған рейтингте Қазақстан 109-орнын сақтап қалған. Келесі ойынын қазан айында Австрияға қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары