$ 498.34  519.72  4.85

«Үйде отырасың дедім»: Айбек Оралбай әйеліне қандай талап қойғанын айтты

Ол құлақ асып, бүгінде үйде бір баланың анасы болып отыр.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай журналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында жұбайымен қалай танысқанын және оған қандай талап қойғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айбек Оралбай жарының да спортшы болғанын, бірақ қазіргі таңда үйде бала тәрбиесімен айналысып отырғанын айтты.

"Жұбайым дзюдошы болған. 2016 жылы Якутияда өткен "Азия балалары" жарысында таныстық. Жол ұзақ екен, чартерлік рейспен ұштық, сонда оған көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы "дзюдоны қоясың, себебі менің саған үйленетін ойым бар" дедім. Ол құлақ асып, бүгінде үйде бір баланың анасы болып отыр", - деді боксшы.

Сонымен бірге Айбек Оралбай балаларын боксқа емес, дзюдоға беретінін айтты. Ол мұның себебін де түсіндірді.

"Өзім бокста жүрген соң, бұл спорттың қаншалықты қиын екенін білемін, сондықтан да қимаймын", - деді ұлттық құрама капитаны. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары