18.12.2024, 22:30

Қазақстандық боксшы Латын Америкасының чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: Qazaq Titan

 Ол жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасып, 1 раундта (26 секунд) нокаутпен ұтты.

Qazaq Titan лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Латын Америкасының UBC Continental чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) кәсіпқой бокстан Латын Америкасы құрлығының UBC Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Колумбияның Санта-Марта қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасып, 1 раундта (26 секунд) нокаутпен ұтты.

Айта кетейік, Алмат Жұманов Қазақстан Рекордтар кітабына үш мәрте рекорд тіркеген, жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.