$ 527.23  544.05  5.05

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бибісара Асаубаева іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, 8 ұпай жинады.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан блиц бойынша әлем чемпионатының нокаут кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан шахмат федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бибісара Асаубаева іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, 8 ұпай жинады. Енді ол чемпиондық атаққа таласты нокаут кезеңінде жалғастырады. Қазақстандық шахматшы ширек финалда қытайлық Лэй Тинцземен ойнайды.

Нокаут кезеңінің алғашқы айналымында төмендегі шахматшылар кездеседі:

Вайшали Рамешбабу – Чжу Цзиньэр;

Лэй Тинцзе – Бибісара Асаубаева;

Екатерина Лагно – Карисса Йип;

Валентина Гунина – Цзюй Вэньцзюнь.

20 жастағы Бибісара Асаубаева 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанды, ал 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасымен бірге шахмат олимпиадасында күміс жүлде еншілеген еді. Бұл Қазақстан үшін тарихи нәтиже болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары