$ 524.75  540.6  5.12

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа президенті сайланды

Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Qazaqstan Football League президенті ретінде Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады. Ал бұған дейін QFL президенті Ғани Қайназаров болған еді.

Ерлан Жамантаевтың есімі отандық спортта кеңінен танымал. Ол кезінде кәсіби футболмен айналысып, "Ұшқын-Искра" атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды.

2021-2023 жылдары "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған "Оқжетпес" ФК директоры болды. Сондай-ақ ол "Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы" қауымдастығының  бас хатшысы міндетін атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары