$ 528.52  539.14  5.17

«Көптеген әдістерін қайталайды»: Бас бапкер Төрехан Сабырханды Мейвезерге ұқсатты

Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жас боксшы Төрехан Сабырханның жұдырықтасу стилі америкалық Флойд Мейвезерді еске түсіретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Төрехан Флойд Мейвезердің жекпе-жектерін көреді. Ол америкалық боксшының көптеген техникалық элементін қайталайды. Төреханның жұдырықтасу стилі маған шынымен де Флойд Мейвезерді еске салады", - деді Сәтжанов.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы. Ол 2024 жылы қарашада Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді.

Сондай-ақ, ол өткен айда Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты. Ол финалға дейін жетіп, маңғыстаулық қарсыласы Санатәлі Төлтаев жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмаған соң, жекпе-жексіз жеңімпаз атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары