Бәрі сәтті өткенімен, кейін тағы сыр берді.
Грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі Евгений Поливадов әлеуметтік желіде үндеу жариялап, анасының еміне көмектесуін өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Менің осы үндеуді жариялауыма отбасымдағы мына жайт себеп болып отыр. Анам Ирина Поливадова 2023 жылы қатерлік ісік дертіне шалдықты. Сол жылы ақша жинап, ота жасаттық. Бәрі сәтті өткенімен, кейін тағы сыр берді. Қазір біз анамды емдеу сатысындамыз. Түрік дәрігерлерінің көмегіне жүгініп отырмыз. Бұған жобамен 12 млн теңге ақша қажет», - деді Евгений Поливадов.
Айта кетейік, Евгений Поливадов 2024 жылы Астанада өткен ел чемпионатында 82 келіде топ жарған болатын. Ол 2019 жылы жастар арасында Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Балуан былтыр Тиранада өткен әлем біріншілігіне қатысып, іріктеу кезеңінде Түрікменстан балуанын ұтты. Алайда екінші айналымда өзбекстандық спортшыға ірі есеппен жол берді.