$ 522.42  543.89  5.28

Универсиада: Қазақстандық биатлоншы қоржынға қола салды

Кирилл Бауэр 15 шақырымдық масс-стартта үздік үштікке ілікті.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы 15 шақырымдық масс-стартта үздік үштікке ілікті.

Ол бірінші ату айлағында ол нысана көздеуден бір рет мүлт кетті. Ал екінші және үшінші ату айлағында бәрін дәл тигізіп, көш бастады. Өкінішке қарай, төртінші ату айлағында үш рет қателесіп, үшінші орынға түсіп қалды.

Мергендік танытқан франциялық Натанэль Пигуин 42:53.1 уақытпен мәре сызығын бірінші болып қиды. Швециялық Карл Грёнланд одан 28.1, К.Бауэр 33.8 секундқа қалып қойды.

Қазақстандықтар Вадим Куралес алтыншы, Никита Акимов жетінші орыннан көрінді. Ержанат Қуандық 19-ыншы болып келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары