40-жасар австралиялық боксшы басқа қарсыластан қызықтырақ ұсыныс алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 40-жасар Сэм Солиман WBA (Super) және IBO
нұсқалары бойынша отра салмақтағы әлем чемпионы 32-жасар қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе -жектен бас тартты.
Екі ай бұрын Сэм Солиман Геннадий Головкинмен рингте кездесуге дайын екендігін айтқан болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлер де австриялық боксшымен жек-жек ұйымдастыруды қарастырып көретінін атап өткен еді.
Дегенмен, Солиман өзінің атағын алғаш қорғау жекпе-жегін америкалық Джермейн Тейлорға қарсы өткізбек. Айта кетейік, Солиман чемпиондық атағын неміс Феликс Штурманнан жеңіп алған еді. Ал Тейлормен болатын жұдырықтасуды 4 қазанда АҚШ-та өткізу жоспарланып отыр.
Геннадий Головкин болса, өз кезегінде басқа австралиялық боксшы Дэнил Гилмен кездесіп, қарсыласын жеңіп, өз титулын қорғады. Әзірге Головкиннің келесі қарсыласының есімі белгісіз.