$ 499.22  519.14  5.64

«Қолы сынды»: Санжар Тәшкенбайдың жарыс жолынан неге шығып қалған белгілі болды (ФОТО)

Бұл туралы Аян Төлеген өзінің желідегі парақшасында жария етті.

Фото: Аян Төлеген телеграм парақшасынан
Фото: Аян Төлеген телеграм парақшасынан

Странджа турнирінде жеңіліс тапқан Санжар Тәшкенбай қолын сындырып алған, деп хабарлайды Skifnews.kzақпарат порталы.

Бұл туралы Аян Төлеген өзінің желідегі парақшасында жария етті.

Оның айтуынша, Санжардың жеңілісі БАҚ-та қызу талқыға түскен.

«Бұл жаңалық бұқаралық ақпарат құралдарында шу тудырды. Санжар Тәшкенбай бірінші раундта Ирландиядан келген жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы Луис Руниге қарсы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Мен Санжардың не үшін жекпе-жектен шыққанын анықтауға тырыстым. Ол – мінезді жігіт, сондықтан мұндай шешім қабылдауына үлкен себептер әсер еткені анық. Тәшкенбай қолын сындырып алды», — деді ол.

Желі қолданушысының сөзінше, Санжардың бұл жарақатына бокс ұйымдастырушылары кінәлі.

«Мен бокста көп жағдайды көрдім, бірақ мұндайға шынымды айтсам, бірінші рет тап болдым. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар – Болгарияның Бокс федерациясы – командаларға спортшылардың қолын тейптеуге рұқсат бермейді екен. Ал біздің құрамада бұл іспен кім айналысатынын мен жақсы білемін. Оның аты – Әлібек, өте жақсы адам әрі өз ісінің нағыз маманы. Сонымен, «Странджа» турниріне қатысушылардың қолындағы жалғыз қорғаныс – қолғап пен жай ғана бинттер. Ал қолғаптардың өзі өте жұқа екен деп айтты маған», — дейді Аян Төлеген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары