Осылайша тағы екі боксшымыз «Странджа кубогының» финалына шықты.
Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогында» Нұрбек Оралбай финалға жепе-жек өткізбей-ақ шықты. Оның қарсыласы айқастан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
86 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда отандасымыз жергілікті боксшы Семен Болдыревпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шықпай қалды.
Сонымен қатар 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Ерасыл Жақпеков та ақтық кезеңге өтті. Ол жартылай финалда ұлыбританиялық боксшы Димежи Шитудан айласын асырды.
Осылайша тағы екі боксшымыз «Странджа кубогының» финалына шықты.