$ 496.71  531.33  5.55

Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінде іріктеудің финалына шықты

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі және ерлер арасында ATP Masters 1000, ал әйелдер арасында WTA 1000 санатына жатады.

Фото: Андрей Ударцев
Фото: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан ATP 1000 турнирінде іріктеудің финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іріктеудің жартылай финалында Михаил ұйымдастырушылардан Wild Card алған француз Тео Папамаламисті 6:4, 6:7, 7:5 есебімен ұтты. Жарыстың негізгі кезеңінде ойнау үшін Кукушкин италиялық Джулио Зеппиериді жеңуі тиіс. Кездесу 5 наурыз Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. 

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі және ерлер арасында ATP Masters 1000, ал әйелдер арасында WTA 1000 санатына жатады.

2025 жылы турнирдің жалпы жүлде қоры $19 387 080 құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,76%-ға көп. 2012 жылдан бастап ерлер мен әйелдердің жүлде қоры теңестірілген. Осылайша, ерлер және әйелдер турнирлерінің әрқайсысына $9 693 540 бөлінеді.

Жекелей сында жүлде қоры келесідей бөлінеді:

- Чемпион: $1 100 000

- Финалист: $585 000

- Жартылай финалист: $325 000

- Ширек финалист: $185 000

- 4-ші айналым: $101 000

- 3-ші айналым: $59 100

- 2-ші айналым: $42 000

- 1-ші айналым: $30 050

Бұл турнир әлемнің ең үздік теннисшілерінің басын қосады. Биыл ерлер жарысына 96 ойыншы және 32 жұп қатысса, әйелдер жарысында 128 ойыншы мен 32 жұп бәсекеге түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары