$ 488.53  531.91  5.68

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

WBC ұйымы осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) белбеуін қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын.

Фото: David Spagnolo/Main Events
Фото: David Spagnolo/Main Events

Әлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рейтингтің бірінші орнына көтерілді. Ол бұған дейін үшінші орында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

WBC ұйымы осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) белбеуін қорғау үшін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов көп уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Ташкентте өткен. Өзбекстандағы бокс бокс кешінде ол Чили боксшысы Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары