Қазақстандық теннисші тартысты кездесуде 17 жастағы Мирра Андрееваға есе жіберді – 1:6, 2:6.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1/8 финалда қазақстандық теннисші 17 жастағы Ресейдің жұлдызы Мирра Андрееваға қарсы ойнады. Алғашқы сетте Рыбакина 6:1 есебімен күтпеген жерден жеңіліс тапты. Екінші сетте де отандасымыз еш қарсылық көрсете алмады. Бұл сетте Андреева 6:2 есебімен жеңді. Осылайша 1 сағат 7 минутқа созылған ойында Елена ширек финалға шыға алмады.
Мирра ¼ финалда Украина спортшысы Элина Свитолинаға қарсы кездесу өткізеді. Қазіргі сәтте бұл теннисші рейтингте 23-орында келеді.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін ресейлік теннисшіден Дубайда өткен жарыстың жартылай финалында ұтылған еді.
Қазір Елена Рыбакина Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) рейтингінде 7-орында, ал Мирра Андреева 11-орында келеді.