27.03.2025, 00:30

Омар Сатаев грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Құрлықтық дода 25-30 наурыз аралығында өтеді. 

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін грек-рим күресінен екінші жарыс күнінде Омар Сатаев (82 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалда қазақстандық балуан Иран балуаны Мохаммед Азиз Нагусимен белдесу өткізді. Тартысты бәсекеде ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда жапониялық Тайзо Ёшидоны қапы қалдырған еді.

Айта кетсек, бүгінгі жарыс күнінде ел құрамасынан Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Айта кетсек, алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына бір күміс, екі қола медаль түсті.

Ел құрамасынан Әлімжан Сыздықов (130 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанса, Ибрагим Магомадов (77 келі) пен Шамиль Ожаев (87 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Құрлықтық дода 25-30 наурыз аралығында өтеді. Ел құрамасы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен сынға түседі.