31.03.2025, 17:40

Жібек Құламбаева Анталия жарысына жолдама алды

Фото: ҰОК

Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды.

Қазақстандық, әлемнің 312-ракеткасы Жібек Құламбаева Анталия (Түркия) челленджер турнирінің іріктеу кезеңін сәтті өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 346-орындағы ресейлік Алевтина Ибрагимованы 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Құламбаева іріктеу додасының финалында қытайлық, әлемнің 278-ракеткасы Чжэн Вушуанмен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияда тай-брейкте қытайлық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:4). 

Екінші сетте 6:5 есебімен Жібек алда тұрған мезетте Ч.Вушуан матчты жалғастырудан бас тартты. 

Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Вушуан да 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Осылайша, Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.

Бұдан бұрын Анталияда дәл осындай екі турнирде Ж.Құламбаева алғашқы айналымда словениялық Зива Фалькнерге есе жіберген еді.