$ 514.94  583.74  6.13

Олимпиада ойындарының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев үшінші рет әке атанды

Бұл туралы ол өзінің instagram-парақшасында жазды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, спортшы Ғұсман Қырғызбаев ұлды болды. Бұл туралы ол өзінің instagram-парақшасында жазып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Аллаға шүкір ұлды болдым. Бауы берік болсын», - деді Ғұсман Қырғызбаев. 

Айта кетейік, дзюдошының отбасындағы бұл үшінші баласы.

Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль үшін тартыста сербиялық Страхинья Бунчичті ваззари ұпайымен жеңді. Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдесін қанжығасына байлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары