Айқастың екінші раундында вьетнамдық боксшы Төреханның ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Махмұд Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» бокс кешінде шаршы алаңға шығып, Вьетнам елінің өкілі Данг Дак Хайнхпен (2-1, 2 КО) жұдырықтасты.
Айқастың екінші раундында вьетнамдық боксшы Төреханның ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, отандасымыз кәсіпқой мансабындағы дебютінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд осыған дейін колумбиялық Николас Тордесильямен жұдырықтасуы керек болған еді.